Қазақстанның Ұлттық мұрағаты ҚР Конституциясының тарихы туралы деректі көрме ашты

СТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат - Қазақстанның Ұлттық мұрағаты Қазақстанның Негізгі заңы - ҚР Конституциясының тарихы туралы деректі көрме өткізіп жатыр.
None
None

Мұрағаттық құжаттар мен материалдар негізінде ұйымдастырылған көрме Қазақстан Конституциясының қалай дайындалғандығы және қабылдану тарихымен таныстырады.

Бұл жерге конституциялық құқық, 1995 жылдан кейін басылып шығарылған ҚР конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар туралы заңдар қойылған.

Республиканың Мемлекеттік рәміздері мен ел ордасы - Астанаға арналған құжаттар көрмені толықтырады.

Топтамаға ҚР Президентінің мұрағаты мен Қазақстанның Ұлттық мұрағат қорларынан алынған 200-ге тарта құжаттар мен материалдар енген.

Көрме ағымдағы жылғы қыркүйектің 30-ына дейін жалғасатын болады. Ұйымдастырушылар хабарлағандай, көрмеге кіру - тегін.

Соңғы жаңалықтар