18:22, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
Қазақстанның Ұлттық музейінде Эрмитаж орталығы ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің мемлекеттік эрмитажымен жасалған келісімнiң аясында Қазақстанның Ұлттық музейінде Эрмитаж орталығы ашылмақ. Бұл туралы бүгін "Мәңгілік ел - елдің біріктіруші күші" атты шығармашылық және зиялы қауым өкілдерінің форумында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

"Музей, кітапхана, мұрағаттар ғылыми-зерттеу қызметтің дамуы үшін шоғырландыруды талап етеді. Олар ғылым, білім, коммуникация, мәдени ақпарат және шығармашылық инновацияның даму орталығы болуы керек. Музей, кітапхана және мұрағаттардың жұмысын ынталандырып, бюджет шығындарын азайту үшін олардың мәртебесін қазыналық кәсіпорынға ауыстыру ұсынылып отыр", - дейді министр.
Министрдiң атап көрсеткенiндей, Қазақстанның Ұлттық музейінде Эрмитаж орталығын ашу туралы шешім қабылданып отыр.
"Халықаралық өзара ынтымақтастықты дамыту аясында Ресейдің мемлекеттік эрмитажымен Қазақстанның Ұлттық музейінде Эрмитаж орталығын ашу туралы келісім жасалды", - деді А.Мұхамедиұлы.