Қазақстанның ұлттық тарихының біртұтас бейнесі қалыптасуы тиіс - Мемлекеттік хатшы

None
None
АСТАНА. 5 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанның ұлттық тарихының біртұтас бейнесі қалыптасуы тиіс. Бүгін Елордадағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.

«Қазіргі күні мемлекетіміздің қалыптасқан белесінде біз өз тарихымызды осы заманғы ғылымның биігінен пайымдауға және ұлттық тарихтың бөлінбейтін бейнесін қалыптастыруға тиіспіз. Біздің тарихымыз тұтас толқын ретінде қарастырылуы керек. Ол толқында әрбір тарихи дәуір келесі дәуірдің сипатын табиғи түрде айқындайды. Онда оқиғалар мен үдерістер бір-бірімен байланысып, өзара сабақтастық алып жатады», - деді жиын барысында сөз сөйлеген мемлекеттік хатшы М.Тәжин.

Соңғы жаңалықтар