Қазақстанның ұлттық велотрек құрамасын франциялық бапкер басқаратын болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі француз трекшісі Эрве Дагорне (Herve Dagorne) 2015 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан ұлттық велотрек құрамасының және «Astana Track Team» кәсіби велокомандасының жаңа бас бапкер-консультанты болды.
None
None

Шетелдік маманмен келісімшарт бір жылға жасалды, кейін ұзартылуы да мүмкін.

Қаңтарда жаңа басшы құрамамен алғашқы ОЖЖ (оқу-жаттығу жиынын) өткізіп, командамен бірге Калиге (Колумбия) Әлем кубогының 3-ші кезеңіне жарысқа кетті. 16 қаңтарда біздің топ командалық сайысқа түседі. Команда құрамы: Артем Захаров, Роберт Гайнеев, Диас Өмірзақов және Никита Панасенко.

Колумбиядан оралғаннан кейін Қазақстан құрамасы кеңейтілген құрамда Түркияға ОЖЖ-ға, одан әрі Таиландтағы Азия чемпионатына барады.

Соңғы жаңалықтар