Қазақстанның ұлттық жүк флоты «Атамекен» құрғақ жүк кемесімен толықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылда ұлттық флот әрқайсысының дедвейті 7 мың тонна болатын «Жібек жолы» және «Атамекен» атты жаңа екі құрғақ жүк кемелерімен толықты.
Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтын сілтеме жасап хабарлайды.
Еске салсақ, «Жiбек жолы» құрғақ жүк кемесінің Шлиссельбург қаласы «Нева» кеме жасау және жөндеу зауытында 12 шілдеде суға түсірілгеннен кейін арқандап байлау сынақтарынан сәтті өтті және ағымдағы жылғы 27 қыркүйекте Ақтау тіркеу портына келді.
«Ағымдағы жылғы 6 қазанда «Атамекен» құрғақ жүк кемесі суға түсірілді, Ақтау портына келуі ағымдағы жылғы қарашаға жоспарлануда», - деп хабарлайды ҚР ИДМ.
Министрлік соңғы кезде құрғақ жүктердің теңіз арқылы тасымалының айтарлықтай жанданғанын ескере отырып,
осы оқиғаның Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін арттырудағы және ұлттық құрғақ жүк флотын дамытудағы маңызын атап өтті.