Қазақстанның үш аймағында жолдар жабық
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш аймағында жолдар жабық, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК.
Солтүстік Қазақстан облысында 6 сәуірдегі сағат 22:00-ден бастап «Петропавл-Соколовка-РФ шекарасы» автожолының 29-шы шақырымын су шайып кеткен учаскесінде (11-41-ші шақырымдар, Петропавл-Соколовка ауылы учаскесі) автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық.
6 сәуірдегі сағат 09:00-ден бастап «Жезқазған-Петропавл» жолы учаскесі (705-786-шы шақырымдар, Новоишимовка ауылы-Тимирязевка ауылының бұрылысына дейін) автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.
6 сәуірдегі сағат 21:00-ден бастап Қостанай облысында «Екатеринбург-Алматы» автожолының 781-ші шақырымын су басып қалуы салдарынан (729-795-ші шақырымдар, Қостанай облысының шекарасы - Рузаевка ауылы) автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабық.
Ақтөбе облысында еңісте жүретін жолды су басып қалғандықтан «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» жолы учаскесі (200-220-шы шақырымдар, Мөңке би ауылы-Қайдауыл кенті) автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.