Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі, 29 желтоқсан күні Қазақстан қалаларының басым бөлігінде жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сәйкес, ауа сапасының нашарлауы Қарағанды, Теміртау, Өскемен қалаларында күтіледі.
Еліміздің өзге қалаларында жағымсыз метеожағдайлар күтілмейді.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.