Қазақстанның үш қаласында «Халықаралық білім -2009» көрмесі өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат - Сәуір айының үшінші онкүндігінде Астана, Қарағанды және Алматы қалаларында «Халықаралық білім-2009» көрмесі өтеді.
ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің қауымдастығы мен «Capital Education» шетелдік білім агенттігі ұйымдастырып отырған бұл шараға ҚР білім және ғылым министрлігі мен Қазақстанның Жастар конгресі қолдау көрсетіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көрме, сәуірдің 22-сінде - Астанадағы ?Radisson? отелінде, сәуірдің 24-інде - Қарағандыдағы ?Cosmonaut? отелінде, сәуірдің 26-сында - Алматыдағы "Intercontinental Almaty? отелінде өтеді. Көрмеге Ұлыбритания, АҚШ, Канада және басқа да елдердің университеттері, халықаралық стипендиялық бағдарламалар қатысады.