Қазақстанның үш мегаполисінде алдағы тәуліктерде күн алабұлтты болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш мегаполисінде 11-13 маусым күндері күн алабұлтты болып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның үш мегаполисінде алдағы тәуліктерде күн алабұлтты болады

Нұр-Сұлтан

11 маусым: күн ала бұлтты, оқта-текте жаңбыр жауады, жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

12 маусым: күн алабұлтты, оқта-текте жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +22+24°С.

13 маусым: күн алабұлтты, оқта-текте жаңбыр жауып, найзағай жарқылдауы мүмкін. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде +13+15°С, күндіз +26+28°С.

Алматы

11 маусым: күн алабұлтты, жаңбыр себелеп өтеді, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с, найзағай ойнағанда 13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +21+23°С.

12 маусым: күн алабұлтты, жаңбыр себелеп өтеді, найзағай ойнайды, бұршақ жаууы ықтимал. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, найзағай ойнағанда екпіні 13 м/с-қа жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +21+23°С.

13 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +24+26°С.

Шымкент

11 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +25+27°С.

12 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +30+32°С.

13 маусым: күн алабұлтты, жауын-шашынсыз. Жел алдымен оңтүстік-батыстан, артынша шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +33+35°С.