Қазақстанның үш облысы мен Алматыда су тасуы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысы мен Алматыда синоптиктер су деңгейінің көтерілуі мүмкін екенін болжап отыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Алдағы екі тәулікте, яғни 8-9 наурызда ауа температурасының көтерілуіне, қардың еріп, жаңбырдың жаууына байланысты Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облысы мен Алматы қаласының аласа таулы аумағында су тасуы мүмкін», - делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Дәл осы уақытта Қазақстанның орталығы мен солтүстігінде күшейіп келе жатқан боранның салдарынан бірнеше жолдар жабылды.