Қазақстанның үш облысы мен Астанада ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ТЖ комитеті Қазақстанның үш облысы мен Астанада ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстанның үш облысы мен Астанада ескерту жарияланды

Астанада 4- 5 ақпан күндері түнде бұрқасын, оңтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 метр секундтық жел соғады деп күтілуде.

4 ақпан күні Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстарында бұрқасын, кей жерлерде қатты боран болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, ұйытқуы 25, кей жерлерде 30 м/с-қа жетеді.