Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

27 желтоқсанда Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін жетеді.

27 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді. Кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ болады.

Бұған дейін хабарланғандай, 27 желтоқсанда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын соғады; тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20 м/с-ға, екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар