Қазақстанның үш облысында қар көшкіні жүру қаупі бар
АСТАНА. ҚазАқпарат - Республиканың шығысы мен оңтүстігіндегі үш аймақта қар көшкіні жүру қаупі сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК гидрология департаменті.
«26-28 сәуір күндері Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында қар жамылғысының қалың болуынан жəне жылымық салдарынан қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Қар көшкінінің жүруіне ұрынбау үшін қарлы тау бөктерлеріне шығуға тыйым салынады. Тауда сақ болыңыздар», - деп ескертті синоптиктер.