Қазақстанның үш облысында күн райы бұзылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, 31 мамыр күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Дауыл соғу қаупі - 90-95%.
31 мамыр күні Қостанай облысында күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Дауыл қаупі - 90-95%.
31 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, түнде оның жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні кейде 25 м/с-қа жетеді. Ал 1 маусым күні солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.