Қазақстанның үш өңірінде ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш өңірінде ауа райының қолайсыздығы салдарынан жол жабылды, деп хабарлады «Қазақавтожол».
None
None

Сонымен, Ақтөбе облысында 4 қаңтарда боран салдарынан сағат 17:45-тен бастап «Қандыаағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (92-257 шақырым, Ембі қаласы - Шалқар қаласы учаскесі, 92-257 шақырым) автожолы учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысы шектелді.

Қызылорда облысында 3 қаңтардан бастап сағат 21:35-те ауа райының нашарлауына байланысты «Қызылорда-Павлодар» (12-216 шақырым, Қызылорда қаоласы-Қарағанды облысы учаскесі, 12-216 шақырым) жолы жабық күйінде қалады. Шектеу көліктің барлық түріне енгізілді.

Қарағанды облысында жауын жауып, жолды балшық басқандықтан «Қызылорда-Павлодар» (216-424 шақырым, Қызылорда облысы - Жезқазған қаласы шекарасы) жол учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол жабылды.

Соңғы жаңалықтар