Қазақстанның үздік медицина қызметкерлері марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік медбикелер күні аясында Қазақстан медицинасының үздік қызметкерлері марапатталды. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Елордадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өткен шара барысында еліміздің үздік медицина қызметкерлері ҚР денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісімен, құрмет грамоталарымен және «Үздік ауылдық медицина қызметкері», «Үздік БМСК мейірбикесі», «Үздік мамандандырылған мейірбике», «Мейірбике ісінің үздік менеджері», «Медициналық колледждің үздік оқытушысы» аталымдары бойынша алғыс хаттар мен марапатқа ие болды.  

Шара барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қазір Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 170 мыңнан астам орта медициналық қызметкер еңбек ететіндігіне назар аудартты. Соңғы 10 жылда еліміздің орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілуі 10 мың адамға шаққанда 2005 жылғы 78,6-дан 96-ға (2016 жылы) өсті.

Вице-министр мейіргер ісі қызметінің даму үрдісі қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде олардың рөлін айтарлықтай күшейткеніне, мейіргерлер көмекші ретінде емес, дәрігердің тең құқылы, дербес мейірбикелік шешімді қабылдайтын, жоспарлайтын және дәлелді күтімді жүзеге асыратын серіктесі болып табылатынын атап өтті.

«Еуропалық директиваларға сәйкес, білім берудің барлық деңгейінде медбикелік істі дамытуға бағытталған республикада қабылданған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы, Мейірбике ісін  дамытудың кешенді жоспары, «Медициналық білім беруді жаңғырту» жол картасы жобасы сынды бағдарламалық құжаттар  оның дәлелі бола алады»,  деді ол.

Соңғы жаңалықтар