Қазақстанның үздік отбасы онлайн-дауыс беру арқылы анықталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 қыркүйекте Қазақстанда «Мерейлі отбасы» байқауы аясында республиканың үздік отбасын анықтау мақсатында Интернет арқылы дауыс беру басталады.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комисссиясы төрағасының орынбасары Ляззат Сүлеймен мәлім етті.
Ол өз сөзінде «Мерейлі отбасы» байқауы еліміздің барлық өңірлерінде сәуір айында басталғанын еске салып өтті. Қатысушыларды іріктеу Қазақстанның әрбір өңірінде және Астана мен Алматы қалаларында аралық турлар барысында анықталады. Көрермендердің басым бөлігі дауыс берген отбасы «Мерейлі отбасы» лауреаты атанып, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«2 қыркүйектен бастап 8 қыркүйек күні сағат 27-00-ге дейін интернет арқылы дауыс беру жүргізіледі. 16 өңірден өкілдік еткен отбасылар арасынан жеңімпазды халық өзі таңдап алады», - деді Л.Сүлеймен.
Оның сөзіне қарағанда, бұл жолы конкурсқа 19 этнос пен 53 интернационалды отбасы қатысуда. Барлық отбасылардың 40 пайыздан астамы көп балалы.
«2015 жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы ең династиция өкілдері саналатын отбасылар 32 пайызға артып отыр. Ал жас отбасылар саны болса 35 пайызға көп. Ал бұл «Мерейлі отбасы» байқауына қатысатын отбасылардың қатары көбейіп келе жатқандығын білдіреді», - деді ол.
Л.Сүлеймен деректеріне қарағанда, биыл бұл байқауға 2579 отбасы қатысып, тек олардың 16-сы ғана ақтық сынға жолдама алып отыр.
Айта кетерлігі, байқауға 2014 жылы 1298, 2015 жылы 2285 отбасы қатысқан болатын.