Қазақстанның үздік жас метрологы анықталды
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті еліміздің үздік жас метрологын анықтады.
Бүгін Бүкілемдік метрология күніне орай өткен конференция барысында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Сонымен 2012 жылдың ең үздік жас метрологы байқауының жеңімпазы болып «Қазақстан метрология институты» №1 зертханасының жетекші сарапшысы Марат Қонқанов танылды. Ал екінші орын «Интергаз Орталық Азия» мекемесінің 1 санаттағы маманы Жанат Даевқа, ал үшінші орын Астана медициналық университеті қашықтан және инновациялық оқыту технологиялары бөлімінің әдіскері Ләззат Отарбаеваға бұйырды.
«Жылдың үздік метрологы» байқауы метрология саласындағы жас мамандарды қолдау, ынталандыру, білікті кадрларды дайындауды ынталандыру және шығармашылық мүмкіндіктерді дамтыу мақсатында бекітілген болатын.