Қазақстанның волейболдан ерлер құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанып кетті
АЛМАТЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Қазақстанның волейболдан ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанып кетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бас бапкер Геннадий Паршин бұл жиынға А. Юдин, А. Стольников, А.Степанов, А.Рубцов, В.Мироненко, В. Эрдштейн, Д. Горбатков, И.Трифонов, К. Коновалов, М. Иманғалиев, Н. Сүлейменов, С.Миклашевич, С. Костив, С. Кузнецов, С. Емболаев пен Ю.Стуловты шақырды. Қазақстандықтар онда 4 бақылау ойынын өткізбек. Бұдан соң олар 2010 жылғы Әлем чемпионатының екінші біліктілік турниріне қатысу үшін мамырдың 20-сы күні Тайванға аттанады. Онда қазақстандықтар жарыс қожайындарынан бөлек, Тонго мен Біріккен Араб Әмірліктерінің құрамасымен күш сынасады. Айналым жүйесі бойынша өтетін бұл сайыста үздік шыққан команда жарыстың үшінші кезеңіне жолдама алады.