Қазақстанның ядролық университетінің 3-ші «Қысқы мектебі» ашылды

;АЛМАТЫ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Кеше Алматыдағы «Табаған» спорттық ойын-сауық кешенінде «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының орта буын менеджерлеріне арналған дәстүрлі «Қысқы мектебі» ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ашылу салтанатына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Владимир Школьник, «Тау-кен компаниясы» ЖШС-нің Бас директоры Марат Ниетбаев, «Волковгеология» АҚ-ның Бас директоры Сергей Сушко, «Қазақстанның ядролық университеті» ЖШС-нің Бас директоры Олег Василевский және холдингке қарасты басқа да бірқатар кәсіпорындардың басшылары қатысты. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясына қарасты университеттің «Қысқы мектебі» биыл үшінші рет ұйымдастырылып отыр. «Қазіргі заманғы озық технологиялардың сиқыры» деген тақырыппен өтіп жатқан бұл шараға компания құрамындағы еншілес және біріккен кәсіпорындардың 50-ден астам қызметкері қатысуда. Олар онда жобалық менеджмент және командалық жұмыстың сапасын арттыру негіздерін оқып үйренетін болады. «Қысқы мектеп-2010» курсы ақпанның 27-сіне дейін созылады деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар