Қазақстанның заңдық қызмет нарығы экономикалық, әлеуметтік дамуларға дайын — Арнұр Әмірғалиев

АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазіргі кезде ТМД-дағы басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанның заңдық қызмет нарығы экономикалық, әлеуметтік дамуларға дайын.
None
None

Бұл жайында Алматыда өтіп жатқан Бірінші заңгерлер форумында Linkase & Mind LLP заң компаниясының MSc серіктесі Арнұр Әмірғалиев айтты.

"Қазіргі таңда Қазақстанның заңдық қызмет нарығы әлеуметтік, экономикалық дамуларға сәйкес деп ойлаймын. Әрине, шешілмеген көптеген мәселелер де бар. Бірақ олар көріп отырғанымыздай бірте-бірте шешіліп жатыр. Жалпы бұл форумның мақсаты - заңдық қызмет нарығында болып жатқан ахуалды талқылап, көкейкесті мәселелердің тезірек шешімін табудың жолын іздеу болып отыр", - деді А. Әмірғалиев.

Оның айтуынша, көршілес Ресеймен салыстырғанда қазір Қазақстанда заңдық қызмет көрсететін компаниялардың бірігуі байқалмайды. Болашақта шағын компаниялардың кейбірін шетелдік ірі компаниялар сатып алуы, не олармен бірігіп жұмыс жасауы мүмкін. Жалпы бүгінгі таңда заңдық қызмет көрсету негізінен Алматы мен Астана қалаларында жақсы дамыған.

Соңғы жаңалықтар