Қазақстанның заңдық қызмет нарығының көлемі белгісіз — Валерий Жакенов

АЛМАТЫ. 16 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның заңдық қызмет нарығы қазір өз бетімен дамып жатыр. Бұл жайында Алматыда өтіп жатқан Бірінші заңгерлер форумында мәлім болды.
None
None

"Беларусь елінен келген әріптестеріміз өз еліндегі заңдық қызмет нарығының көлемі туралы нақты сандарды айтты. Ондай статистиканы Қазақстанда ешкім жүргізбейді. Біз өз нарығымызды әлі нашар білеміз", - дейді ҚР Сауда-өнеркісіп палатасы жанындағы Аралық сот төрағасы Валерий Жакенов.

Оның айтуынша, адвокаттық емес заңдық қызмет нарығын лицензиялау Ресейдегі сияқты Қазақстанда да 2005 жылы алынып тасталған. Қазір тұрпайы сөзбен айтқанда елде жабайы нарық үстемдік құруда. Онда мемлекет тарапынан да, мамандандырылған қоғамдық бірлестіктер тарапынан да өзін-өзі реттеу жұмысы жасалып жатқан жоқ. Сондықтан заңдық қызмет нарығындағы субъектілердің санын да ешкім білмейді. Жалпы жұртшылық тек санаулы ғана ірі компаниялардың атын білуі мүмкін. Өкінішке қарай, өзгелерінің көпшілігі бір күндік қана компониялар болып отыр.

Соңғы жаңалықтар