Қазақстанның жағажай волейболшылары Азия ойындарының жартылай финалына шықты
АЛМАТЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы XVI Азия ойындарында бүгін Қазақстанның жағажай волейболшылары ерлер арасында жартылай финалда өнер көрсетуде.
Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешовтың бүгінгі қарсыласы қытайлық Ву Пенгген мен Ху Линиан (WU Penggen/XU Linyin). Олар 1/16 кезеңінде индонезиялық Диан/Сандра (Dіan/Candra) жұбын, ал ширек финалда ирандық Фаррокши/Салахты (Farrokhi/Salagh) жұбын ұтты.
Алайда, олардың командалас серіктері - Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко 1/16 кезеңде шри-ланкалық Асанка/Пувуду (Asanka/Pubudu) жұбын ұтқанымен, ширек финалда қытайлық Гао Пенг пен Ли Жианға (Gао Peng/Li Jian) есе жіберді. Ал әйелдер арасындағы сында қазақстандықтардың ешқайсысы 1/16 кезеңнен өте алмады.