Қазақстанның жағажай волейболшылары Италия ұлттық құрамасының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Римде Денис Ровкин баптайтын Қазақстанның ерлер арасындағы ұлттық құрамасы Азия чемпионаты мен Азия ойындары қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынын бастады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Италия ұлттық құрамасы базасындағы бұл жиында Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренконың және Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешовтың жұбы қазанның 18-іне дейін болады. Онда оларға Әлем чемпиондары ресейлік Дмитрий Барсук пен Игор Колодинскийді дайындаған Марко Солюстри жетекшілік жасайды. Сондай-ақ Австрия, Германия және Италия командаларымен спарринг-мачтар өткізеді. Қазақстандық спортшылар бұл жиыннан кейін қазанның 20-24-і күндері Азия чемпионатында бақ сынайтын болады. Ал бұл додадан кейін олар Римдегі базаларына қайта оралып, М. Солюстри қазақстандықтардың Азия чемпионатындағы ойындарына талдау жасамақ. Сондай-ақ 2-ші оқу-жаттығу жиынында қарашаның 12-28-і күндері Гуанчжоуда болатын XVI Азия ойындарына әзірлейді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар