Қазақстанның жағажай волейболшылары Тайландта өткен турнирде «қола» алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жағажай волейболынан ерлер командасы Сатунда (Тайланд) өткен Азия турнирінде қола медальды жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz.
Сергей Богату мен Дмитрий Яковлев жерлестері Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченкоға екі сетте есе жіберді - 0-2 (14-21, 16-21).
Сидоренко мен Дьяченко осы кезде ең мықты қазақстандық жағажай волейболшылары саналады және олар 2011 жылы Сатундағы жетістіктерін тағы қайталады.
Сатундағы турнирде ерлер арасында бірінші орынды ирандық Б. Салеми/А.Вакилиді жеңген катарлық Ахмед Тиан/Шериф жеңіп алды.