Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі әлі төмен деңгейде - Экономика институтының директоры

АЛМАТЫ. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанда биыл ауыл шаруашылығы саласындағы өткен жылғы ілгерілеушілік одан ары жалғасуда. Бұл бүгін Алматыда "Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу: 2010 жыл" деп аталатын Азия-Тынық мұхиты аймағындағы экономикалық және әлеуметтік кеңес (АТМЭӘК) жарияланымының таныстырылымында айтылды,

Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі  ауыл шаруашылығының   үлесі әлі төмен деңгейде - Экономика институтының директоры

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"90-шы жылдары жалпы ішкі өнімнің құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі 34 пайыз болды. Ол кейін күрт құлдырап, тек соңғы жылдары қайта жанданып, қазір 10 пайызға жуықтады. Қазақстан жалпы аграрлық мемлекет саналады. Біздің бренд - ет, ұн, астық", дейді Экономика институтының директоры Оразалы Сәбден. Ғалымның айтуынша, брендті сақтап қалу үшін ауыл шаруашылығы саласын әлі де дамыту қажет. Оның жалпы ішкі өнімдегі үлесін кемінде 25 пайызға жеткізу керек. Бұл экономиканың дамуын орнықтыруға өз септігін тигізеді.