Қазақстанның жаңа Қылмыстық-атқару кодексiнде сотталғандарды қайта әлеуметтендiру түсiнiгi алғаш рет енгiзiлiп отыр - мәжiлiсмен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында Парламентте мақұлданған Қазақстанның жаңа Қылмыстық-атқару кодексiнде сотталғандарды қайта әлеуметтендiру түсiнiгi алғаш рет енгiзiлiп отыр. Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң депутаты Светлана Бычкова хабарлады.
None
None

"Қазiргi уақытта бiздiң елде түрмедегi халықтың саны өте көп, ол салық төлеушiлердiң қалтасына ауыр тиетiнi анық. Олар жұмыс iстеп, қоғамға үлкен пайдаларын әкелер едi. Бiрақ ол үшiн жағдай жасауымыз керек. Осыған орай, жаңа Қылмыстық-атқару кодексiнде сотталғандарды қайта әлеуметтендiру түсiнiгi енгiзiлдi. Онда сотталғандардың қоғамның тең құқылы мүшесi ретiндегi әлеуметтiк мәртебесiн қалпына келтiру үдерiсi, қалыпты өмiр сүру салтына қайта оралу жайттары нақтыланған", - дедi депутат.

Оның сөзiне қарағанда, кодекс жобасында адамдар жазасын өтеп болғаннан кейiн оларды жұмысқа орналастыру мәселесi қаралған.

"Егер сотталушы бостандыққа шыққаннан соң оған жұмыс орын барын бiлетiн болса және түрмелердегi кәсiпорындарда еңбек етiп, аз да болса өзi тапқан ақшасы қалтасында жатса, егер бостандықта оның тұрғылықты орны болатынын бiлсе, ондай адам қоғамда тез бейiмделедi. Келесiде ол қылмыстық-атқару жүйесiне қайтадан түспейтiн болады", - деп атап өттi С. Бычкова.

Соңғы жаңалықтар