Қазақстанның жарқын болашағы үшін әрбір азаматтың пікірі өте маңызды - Мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Бұл туралы Тәуелсіздік сарайындағы ұлықтау рәсімінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның жарқын болашағы үшін әрбір азаматтың пікірі өте маңызды - Мемлекет басшысы

Президент өткен сайлау саяси бағдарламалар сайысқа түскен әділ дода болғанын атап өтті.

«Осы өте маңызды саяси бәсекеде біздің халқымыздың даналығы, парасаты жеңді. Сондықтан бұл жеңіс - халқымыздың жеңісі!», - деді Мемлекет басшысы.

«Біз бір ел болып, халық болып, Қазақстанның алдағы даму жолын бірге айқындадық. 9 маусымда Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс берген әрбір азаматтың пікірі - біз үшін өте маңызды! Өйткені6 халқымыздың татулығы, ынтымағы, бірлігі - біздің ең басты құндылығымыз. Осы құндылықты көздің қарашығындай сақтау - баршамызға ортақ парыз», - деді Қ. Тоқаев.