Қазақстанның жас ауыр атлетшілері Азия чемпионатында бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жас спортшылары ауыр атлетика бойынша Азия чемпионатына қатысады. ҚР ауыр атлетика федерациясы хабарлағандай, жарыс 17 жасқа дейінгі ұлдар мен 20 жасқа дейінгі қыздар арасында өткізіледі.

Қазақстанның жас ауыр атлетшілері Азия чемпионатында бақ сынайды

Біріншілік 12 наурызға дейін жалғасады. Ел намысын 5 спортшы қорғауда. Олар: Тимур Хасаров (56 кг), Михаил Макеев (69 кг), Селімхан Әбубәкіров (+94 кг), Әділбек Балхаев (62 кг), Альберт Линдер (69 кг). Федерация аталған спортшылардың Қазақстандағы іріктеу чемпионатынан сүрінбей өткенін айтты.

Азия Чемпионаты құрлықтық біріншіліктер арасындағы беделді жарыстардың бірі. Жарыс жеңімпаздары әлем чемпионатында, жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында және өзге де ірі жарыстарда бағын сынауға жолдама алады.