Қазақстанның жас теннисшілері Бішкектегі халықаралық турнирге қатысады
БІШКЕК. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат / Владимир Добровольский/ - Қырғызстан астанасының корттарында шілденің 31-і мен тамыздың 7-сі аралығында жасы 18-ге дейінгі ойыншылар арасында ITF теннисі бойынша ірі халықаралық турнир өтеді.
Турнирді ұйымдастырушылардың айтуынша, Бішкектегі жарысқа ТМД елдерінен, Вьетнамнан және Үндістаннан теннисшілер қатысады. Дәстүр бойынша Қырғызстандағы мұндай жарыстарға қатысу үшін Қазақстаннан жас теннисшілер келеді. ITF басшылығымен өткізілген түрлі турнирлерде қазақстандықтар бірнеше рет жеңімпаз және жүлдегері атанды.