Қазақстанның жас зiлтемiршiлерi Дохада 2 алтын, 4 күмiс және 1 қола медаль еншiледi

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұл күндерi Катар астанасы Дохада 17 мен 20 жасқа дейiнгi жасөспiрiмдер арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде.

Қазақстанның жас зiлтемiршiлерi Дохада 2 алтын, 4 күмiс және 1 қола медаль еншiледi

Қазақстан қоржынына алтын жүлделердi 50 келiге дейiнгi салмақта өнер көрсеткен (U-17) Игорь Сон мен 69 келiдегi Альберт Линдер (U-20) жеңiп алды. Игорь Сон 208 келiнi (93+115) бағындырса, Альберт Линдер қоссайыста 311 келi (140+171) көтердi.

Қазақстан құрамасынан күмiс жүлденi иеленгендер:

Әйгерiм Ауылбек (58 келi) - 171 келi (76+95) - 17 жасқа дейiн;

Кристина Крахалева (63 келi) - 192 келi (84+108) - 20 жасқа дейiн;

Михаил Макеев (77 келi) - 320 келi (140+180) - 20 жасқа дейiн;

Семен Линдер (85 келi) - 317 келi (147+170) - 20 жасқа дейiн;

Қола медаль Тимур Хасаровтың (56 келi) еншiсiнде.

Алтынай Дәмен (58 келi, нәтиже - 173 келi), Михаил Дроздов (62 келi, нәтиже - 251 келi) мен Жасұлан Қалиев (77 келi, нәтиже - 294 келi) 4-орынды иелендi.

Азия чемпионаты 31 желтоқсанда басталды және 7 қаңтарға дейiн жалғасады. Чемпионаттың соңғы күнiнде 105 келiде өнер көрсететiн қазақстандық зiлтемiршi Селiмхан Әбубәкiров шығады.