Қазақстанның жасөспірім футболшылары Президент кубогының финалына өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер командасы Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан ҚР Президенті кубогының финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан командасы жартылай финалда Литвамен ойнады. Кездесудің 18-ші минутында қарсылас команданың шабуылшысы Недас Юрис Шимкутис есеп ашқан еді. Дегенмен, көп уақыт өтпей Қазақстан жасөспірімдер командасының жартылай қорғаушысы Абзал Қалау екі гол соғып, есепті алға шығарды. Матчтың соңына қарай Данил Анкудинов литвалық қақпашының қателігін пайдаланып, үшінші гол салды. Кейіннен Армандас Кучис айып добын соғып, оны қазақстандық команданың қақпасын дөп түсірді. Матч есебі – 3:2.
Қазақстанның жасөспірімдер командасы турнирдің финалында Тәжікстан құрамасымен ойнайды.