Қазақстанның жастар құрамасы наурыздың 23-інде Израильге аттанады

АЛМАТЫ. Наурыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Футболдан 2009/2010 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізу үшін Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы наурыздың 23-і күні Израильге аттанады,

Қазақстанның жастар құрамасы наурыздың 23-інде Израильге  аттанады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Израиль құрамасымен болатын бұл ойын наурыздың 29-ы күні Хайфа қаласында жергілікті уақыт бойынша 18:00-де басталады. Ақпан айында бас бапкерлікке тағайындалып, жақында дүниеден озған Антон Шох бұл кездесуге қақпашылар - Андрей Запорощенко мен Никита Калмыковты, қорғаушылар - Бақыт Әбуов, Дмитрий Шомко, Алдан Балтаев, Евгений Нохрин, Талғат Адырбеков, Станислав Желуденко, Захар Коробов пен Алексей Макаровты шақырған болатын. Мұндай сенімге жартылай қорғаушылардан - Тельман Зунунов, Марат Шахметов, Руслан Кенетаев, Павел Шабалин, Николай Забродин, Ғалымжан Әлімбаев, Вячеслав Сердюков, Айдос Бәйтенов, ал шабуылшылардан - Сергей Хижниченко мен Сергей Шафф та ие болды. Команда Израиль сапарынан Алматыға наурыздың 31-інде оралып, сәуірдің 2-сінде екінші кездесуін Орталық стадионында Болгария құрамасымен өткізуді көздеп отыр.