Қазақстанның жастары Елбасының жастар саясатына қатысты ұсыныстарын қолдайтындықтарын білдіріп, хаттар жолдауда - Президент поштасынан

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті,  Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың биылғы 27 сәуірдегі Ассамблеяның XIX сессиясындағы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасының жобасын әзірлеу, жастар саясаты жөніндегі комитетті, ал өңірлерде тиісті басқармаларды құру туралы тапсырмасына қолдау білдірген хаттар еліміздің жастарынан көптеп келіп түсуде.
None
None

«Елбасы баяндамасында «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға сәйкесінше толықтырулар мен өзгерістер енгізу, облыс пен қалада жастар саясатын жүзеге асыру туралы арнайы бағдарламалар қабылдау жөнінде тапсырма берді. «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратына «Жас Отан» жастар қанатының 2020 жылға дейінгі іс-қимыл стратегиясын әзірлеу және бекіту туралы нақты міндет жүктеді. Біз, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, осы стратегияны әзірлеуге атсалысқымыз келеді», - деп жазады «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Д.Әбутәліпов.

Ал Қазақстан Студенттерінің альянсы атынан келген хатта былай делінген: «Аса қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің жастар саясаты жөніндегі комитетті құру туралы тапсырмаңызды Қазақстан студенттері қолдайды. Бұл қадам еліміздің жастар саясатында өз нәтижесін беретініне сеніміміз мол. Біз мемлекет алға қойған мақсаттарға жету үшін үлесімізді қосуға дайынбыз».

Президенттің өңірлерде жастар саясаты жөніндегі басқармаларды құру туралы тапсырмасы жастардан қолдау табуда. Атап айтқанда, Ақтөбе облысы, Шалқар қаласының тұрғындары А.Беркімбаев, Р.Дүйісов, М.Дәнекеров, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны А.Қайратова, Жамбыл облысының тұрғыны Е.Құралбаев, Семей қаласының тұрғыны М.Кәрібаев жастарға мемлекеттік деңгейде көңіл бөліп, нақты тапсырмалар беріп, қамқорлық көрсеткені үшін Елбасыға зор ризашылық сезімдерін білдіреді. Сондай-ақ, «Жас Отан» жастар қанаты Батыс Қазақстан облыстық филиалынан келген хатта: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, жаңашыл бастамаңызбен жастардың көңілдеріне сенім ұялаттыңыз. Ақжайық өлкесінің жалынды жастары Сіздің әрбір ісіңізге сәттілік тілейді»,- делінген.        

Соңғы жаңалықтар