Қазақстанның жекелеген аудандарында бейсенбіде бұршақ жаууы мүмкін
ТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның көптеген аймақтары циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжануда, жел күшейеді, жекелеген аудандарда бұршақ жаууы мүмкін,
деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, түнде Маңғыстау, күндіз Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарында күші 15-20 м/с жел соғады, Ақтөбе облысында - күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с, екпіні 28 м/с дейін жетеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда, Алматы облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, шаңды дауыл борайды деп болжануда.
Республиканың оңтүстік батысында, оңтүстігінде, орталық және оңтүстік шығысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.