Қазақстанның жемқорлыққа қарсы бағдарламасы тиімсіз - Жандосова
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сандж» зерттеу орталығының жетекшісі Жанар Жандосова Қазақстанда қабылданғанған жемқорлыққа қарсы бағдарлама тиімсіз деп санайды.
«Әдетте жемқорлықпен күресу мүмкін емес деп жатады, бізде солай қабылданады да. Бірақ, 2003 жылы бізден де жаман болған Грузияны мысалға алып қараңыздаршы. Оның индексі (Экономикалық ынтымақтастық ұйымы индексі) 2003 жылы 18, ал сол кезде біздікі 24 болатын. Ал осы уақытқа дейін жүргізілген реформалардың арқасында Грузия 52-ші деңгейге көтерілді», - деді ол.
Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяда дәл осындай деңгейде жемқорлыққа қарсы қызметтер атқарылған.
«Бірақ, соңғы жылдары бұл елде қандай да бір өзгерістер орын алып, көрсеткіш қатты құлдырап кетті. Бүгінде Түркия жемқорлықпен қарқынды күресуде. Соңғы 4 жылда Моңғолия бұл мәселеде біршама алға ілгеріледі. Бізге де олардың тәжірибесін қарап, үздігін алуымыз қажет сияқты. Өкінішке орай, біздің елдеріміз (Қазақстан мен Ресей) 24-27 деңгейде болған, сол орынында қалып отыр. Яғни, біз әзірлеген бағдарламалар лайықты деңгейде тиімді емес сияқты», - деді орталық жетекшісі.
Айта кетейік, Ж.Жандосова бұл пікірін «Жемқорлыққа қарсы мәдениет мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін қамтамасыз ету негіздерінің бірі» деген тақырыптағы қалалық конференцияда білдірді.