Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы 2014 жылдың соңында дайын болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы 2014 жылдың желтоқсан айында дайын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.

Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы 2014 жылдың соңында дайын болмақ

«Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік органдарға, соның ішінде қаржы полициясына жемқорлыққа қарсы жаңа стратегияны жасақтауды тапсырды. Оны жасақтау бойынша жұмыстар аяқталып қалды, Мемлекет басшысының қол қойылуына жолданады, желтоқсанда ол құжат дайын болады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады», - деп атап өтті А.Лукин.