Қазақстанның жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы Елбасы қарауына ұсынылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы Елбасы қарауына ұсынылады. Бұл туралы бүгін Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне арналған 1-ші жастар форумында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев айтты.
None
None

«Қазақстан өз тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен-ақ жемқорлыққа қарсы мақсатты саясат жүргізіп келеді. Ал оның логикалық жалғасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген 2015-2025 жылдарға арналған жаңа жемқорлыққа қарсы стратегия болмақ. Таяу уақытта ол Президент қарауына ұсынылады», - деді А.Шпекбаев.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметте орын алатын жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басымдық болып отыр. Сонымен бірге квазимемлекеттік және жеке сектордағы жемқорлыққа қарсы тұру да өзекті.

«Қоғамдық бақылауды күшейту, ақпаратқа қолжетімділікті арттыру, сот және құқық қорғау органдарындағы жемқорлықтың алдын алу, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықтың құқықтық сауатын арттыру мәселелері де барынша маңызды», - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Соңғы жаңалықтар