15:42, 18 Сәуір 2011 | GMT +5
Қазақстанның жетістіктері әрдайым шетелдік отандастарымыздың назарында жүреді - Н.Назарбаев
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанның жетістіктері әрдайым шетелдік отандастарымыздың назарында жүреді. Бұл туралы бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Тәуелсіз Қазақстан: Бейбітшіліктің, Келісімнің және Жасампаздықтың 20 жылы» тақырыбындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
«Қазақстанның жетістіктері әрдайым біздің шетелдік отандастарымыздың назарында жүреді. Бүгінде олардың көпшілігі өз еліне, нағыз Отанына оралуда. Олар өздерінің әлеуетін тек осында ғана іске асырып, өздерінің туған еліне пайда келтіре алатынын түсініп отыр»,-деді Мемлекет басшысы.
Президент тек соңғы 5 жылда елімізге 10 мыңдаған отандастарымыз қайтып оралғанын жеткізді. Мен бұл тұрғыда оралмандарды айтып тұрғаным жоқ. Атап айтқанда, мен қайтып келген 44 мыңнан астам орыс ұлтының өкілдерін, 5 мыңға жуық немістер жайлы сөз қозғап отырмын. Шетелде қалып қойғандардың өздері Қазақстан туралы жылы лебіздерін сақтап отыр. Интернет жүйесінде бұл тақырыпта мыңдаған хат-хабарларды байқауға болады»,-деп атап өтті Н. Назарбаев.