Қазақстанның жетістіктеріне тіпті әлемнiң ешбір елінде қол жеткен жоқ - Бундестаг депутаты

АСТАНА. 26 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның бүгінгі жетістіктеріне тіпті әлемнiң ешбір елінде қол жеткен жоқ. Бүгін «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмді дамытудағы рөлі» атты халықаралық конференция барысында Германия Бундестагының депутаты Карин Штренц осылай мәлім етті.

Қазақстанның жетістіктеріне тіпті әлемнiң ешбір елінде қол жеткен жоқ - Бундестаг депутаты

«Қазақстан туралы әңгіме еткенде осы елдің соңғы жылдары қол жеткізген жетістіктерін айналып өту мүмкін емес. Қазақстанның бұндай жетістіктеріне тіпті әлемнiң ешбір елінде қол жеткен жоқ десе де болады. Бұл ел қазiр аса қарқынды дамып келедi. Сонымен қатар, Қазақстанда индустриялық-инновациялық даму белсендi түрде iске асырылып келедi. Мұнда құны 64 млрд. доллар болатын 600 жоба жүзеге асырылады. Соның нәтижесiнде 400 мың жұмыс орны құрылатынын ерекше атап өтуге болады. Ал ондай жұмыс орындарына қатысты үдеріс тек Астана мен Алматы секілді iрi қалаларға ғана емес, басқа да өңiрлерге тән. Сондықтан да, мені осындай бастамалар таңқалдырмай қоймайды», - дейдi К. Штренц.

Сонымен қатар, неміс депутаты Қазақстанды халықаралық қауымдастықтың жауапкершілікті мүшесі ретінде атап өтіп, әлемдiк аренада сенiмге ие болған мемлекет екеніне ерекше тоқталды. Бұндай деңгейде Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың көреген саясаты арқасында қол жеткенін де жеткізді. «Қазақстан - Орталық Азия өңiрiндегi көп рөл атқаратын мемлекет. Сонымен қатар, Қазақстан осы өңірдегі тұрақтылықтың зәкiрi. Қазақстан Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру мәселесінде де, сол елден халықаралық әскерилердi шығару iсiнде де үлкен рөл ойнайды», - дедi неміс депутаты К. Штренц.