Қазақстанның жоғарғы оқу орындары бизнеспен тығыз байланыс орнатуы қажет - Кшиштоф Рыбиньский

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының басты кемшілігі - бизнеспен тығыз қарым-қатынастың жоқтығы. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеттің ректоры Кшиштоф Рыбиньский мәлімдеді.

Қазақстанның жоғарғы оқу орындары бизнеспен тығыз байланыс орнатуы қажет - Кшиштоф Рыбиньский

«Қазақстанның білім саласындағы мәселелер басқа елдердің осы саладағы мәселелеріне өте ұқсас. Бұл жерде басты түйткіл - бизнес пен ЖОО арасында тығыз қарым-қатынастың жоқтығы. Міне, осының салдарынан ЖОО түлектерінің біліктілігі жұмыс берушілердің талаптарына сай келмей жатады. Сондықтан да, жас мамандардың жаңа жұмыс орындарында көп нәрсені жаңадан меңгерулеріне тура келеді», - деді К. Рыбиньский.

Ол сонымен қатар, АҚШ- пен Ұлыбританияда жоғары оқу орындары мен бизнес арасында жақсы ынтымақтастық орнағанын айтты.

«Ол жақта ЖОО мен бизнес субъектілері арнайы бизнес-инкубаторларында жаңа жобаларды жүзеге асырумен айналысады. Қазақстанда бұл сала қазір жақсы дамып жатыр», -деді ол.