12:47, 18 Қараша 2011 | GMT +5
Қазақстанның жоғары білім беру саласы қайта қаралады - Б.Жұмағұлов
ТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада «Кәсіптік білім беру және бизнес: әріптестер сұхбаты» III Халықаралық форум барысында ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов отандық жоғары білім беру саласының қайта қаралатындығын жеткізді.
«Бүгінгі таңда Мемлекет басшысы жоғары білімі бар мамандарды даярлау жұмысын қайта қарауды тапсырып отыр. Сондықтан жақын арада бұл мәселе де Үкімет отырысының күн тәртібінде тұратын болады», - деп атап көрсетті министр.