Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысатындар үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініштер қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шетелдік ЖОО-лардан Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысуға тілек білдірушілер үшін кешенді тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығынан.
None
None

"Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасына сәйкес, шетелдік жоғары оқу орындарынан ауысу немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжатты, баллы белгіленген өту балынан төмен емес Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификатын ұсынады. Осыған орай, бұл санаттағы тұлғалар үшін 2015 жылдың 25-28 тамыз аралығында 19 жоғары оқу орындарының базасында кешенді тестілеу өткізілді", делінген хабарламада.

Өтініштерді қабылдау 2015 жылдың 11-15 тамыз аралығында өткізіледі. Кешенді тестілеу ақылы түрде өтеді, оның құны 2242 теңгені құрайды.

Тестілеу төрт пән бойынша өткізілді, тест тапсырмаларының жалпы саны - 100:

1. Қазақ немесе орыс тілі (оқыған тілі) - 25 тест тапсырмасы; 2. Математика - 25 тест тапсырмасы; 3. Қазақстан тарихы - 25 тест тапсырмасы; 4. Таңдау пәні таңдаған мамандығына байланысты - 25 тест тапсырмасы.

Тестілеу нәтижесі бойынша әрбір қатысушы барлық пән бойынша жинаған баллдары көрсетілген сертификат алады.

"Қажетті баллын жинаған соң және ауысу ережесінің басқа да талаптарын сақтай отырып, студенттер шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысуын жүзеге асыра алады", деп нақтыланған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар
Референдум