«Қазақтан шыққан Месси» жанкүйерлеріне алғыс айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық футболшы, Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін «Уфа» командасының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жанкүйерлеріне алғыс айтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Сонымен қатар футболшы Инстаграмдағы парақшасына еурокубоктардың жаңа маусымында бірге ойнайтын командаластарымен түскен суретін жариялады.
Еске сала кетейік, «Уфа» Ресей чемпионатында 6-орынды иеленіп, келесі маусымдағы еурокубоктардың іріктеу кезеңіне жолдама алған болатын.
Фото: www.instagram.com- seidakhmet_e