Қазақтар 30-дан астам мемле­ке­тте тіршілік кешіп жатыр

АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Тағдыр тауқыметімен әлемнің түкпір-түк­­піріне тарыдай шашылып кеткен қазақ­тар ғаламшардың 30-дан астам мемле­ке­тін­де күнелтіп жатыр,

Қазақтар 30-дан астам мемле­ке­тте тіршілік кешіп жатыр

деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Мәселен, іргедегі Өзбекстанда - 1,5 миллион, Қытайда - 1,5 миллион, Ресей Федерациясында - 800 мың, ТМД елдерінде (Өзбекстан мен РФ қоспағанда) -187 мың , Моңғолияда - 83 мың, Ауғанстанда - 300 мың, Түр­кияда - 10 мың, Иранда - 10 мың, Кана­да­да - 7 мың, Пәкістанда - 5 мың, Герма­ния­да - 2 мың, Францияда - 2 мың, АҚШ, Сауд Арабиясы, Аустралия елдерінде - 1 мың, Аустрияда - 900, Аргентинада - 700, Ұлыбритания мен Швецияда - 500, Иор­данияда - 300, Израильде - 200, Сирия, Дания, Швейцария, Голландия, Марокко, Египет, Бельгия, Тайвань елдерінде 100 адамнан бар.