Қазақтар спирттік ішімдікті орыстардан көп ішеді

АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Орта Азия елдері арасында спирттік ішімдікті ең көп тұтынатындар қазақстандықтар болып шықты. Жан басына шаққанда еліміздің әрбір тұрғынына жыл сайын 11 литр таза этил спирті тиеді екен. Бұл туралы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы таратқан мәліметтерге сілтеме жасай отырып, BAQ.KZ порталы хабарлайды.
None
None

1,5 миллиард халқы бар көрші Қытайдың өзі біздің көшке ілесе алмаған көрінеді.

Еуропаға келер болсақ, мұнда алғашқы үштікті Эстония қорытындылап тұр. Ал, бірінші және екінші орындарда Молдова мен Люксембург. Жасы 15-тен асқан эстондықтардың жан басына шаққандағы көрсеткіші - жылына 15 литр таза этил спирті. Арақты ұлттық сусынымыз деп санайтын ресейліктер болса бұл тізімнің тек ортасында ғана. Мұндағы әрбір тұрғын жылына орта есеппен 10 литрдей спирт тұтынады екен.

Ал, алкогольді ең аз пайдаланатын халық Тәжікстан мен Түркияда. Сондай-ақ, бұл тізімнің ең соңғы қатарында Норвегия, Швеция, Исландия сынды мемлекеттер бар. Денсаулық сақтау ұйымының мүшелері болса, жан басына шаққандағы көрсеткіш жылына 8 литр этил спиртінен аспауы тиіс дейді. Алкогольді бұл көрсеткіштен асыра пайдаланса, халықтың ұлттық қасиеттері, болмысы мен тегі жоғалады, дейді ғалымдар.

Соңғы жаңалықтар