Қазақтардың саны 11 миллионнан асты - ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР Статистика агенттігі республикадағы қазақтар санының 11 миллионнан асқанын растады.
Агенттік арнайы зерттеу жүргізіп, №11 миллионыншы қазақ болып дүниеге келген сәбиді де анықтады.
Агенттік төрағасы Әлихан Смайыловтың хабарлауынша, 11 миллионыншы қазақ өткен жылы 28 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт ауданында туған. Нәрестенің аты - Мұхтар Абдрахым. Оның тұрғылықты жері Қазығұрт ауданы, Қарабау ауылы. Анасы Шолпан Күдірбекова - мұғалім, әкесі Мәлік Бадамбаев ауыл шаруашылығымен айналысады. «Жалпы, бүгінгі мәліметке сәйкес, 2013 жылдың 1 қаңтары бойынша еліміздегі қазақтардың саны 11 млн. 1739 мың адамды құрады», - дейді Ә.Смайылов.