16:00, 03 Маусым 2013 | GMT +5
«Қазақтелеком» 2014 жылы барлық ауылдарға интернет желісін тартады
АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ ендігі жылы еліміздегі барлық ауылдық жерлерді интернетпен толық қамтымақ.

«Мен келер жылы барлық ауылдық жерлерді интернет желісімен жүз пайыз қамтимыз деп ойлаймын», - деп атап өтті акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.
Оның мәліметтері бойынша, бүгінде 707 398 мектептің 99 пайызы телефондандырылған, оның ішінде мектептердің 97 пайызға жуығы интернетпен қамтылған.
Осы жылдың 1 маусымындағы мәлімет бойынша ҚР телефон желісімен қамтылған мекемелер мен үй шаруашылықтарының саны 4 070-ке жеткен. Соңғы жылдары кең жолақты интернет желісінің іске қосылуы 30 пайызға өсіп, 1 300-ді құрап отыр.