«Қазақтелеком" АҚ 15 жылдығына орай акциялар өткізеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Биылғы жылы 5-ші тамыз бен 5-ші қазан аралығында «Қазақтелеком" АҚ өзінің 15 жылдығына орай түрлі акциялар мен  байқаулар өткізеді,

«Қазақтелеком" АҚ 15 жылдығына орай акциялар өткізеді

деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Қазақтелеком» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1 ай бойы өтетін шаралар аясында "Қазақтелеком" абоненттеріне  арналған «Алло, мен сіздің абонентіңізбін!» атты фото байқау,   қазақстандық  журналистер мен жоғарғы оқу орындары студенттері арасында «Қазақтелеком» АҚ-ның әлеуметтік маңыздылығы» деген тақырыпта «Байланысты баянды етейік!» атты байқауы, сонымен қатар  әлеуметтік жобалар жөніндегі веб-ресурстарды құруға бағытталған «15 пайдалы сайт!» байқаулары өтеді.

«Конкурстың мақсаты - телекоммуникация саласындағы әлеуметтік жобаларды Қазақстандық БАҚ-да шынайы және кеңінен жариялауды дамыту мен өрістетуге ықпал ету, сондай-ақ «Телекоммуникация және байланыс» тақырыбында маманданған  үздік журналистерді анықтау болып табылады», дейді байқауды ұйымдастырушылар. Байқаудың жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Қатысудың барлық егжей-тегжейлі деректері мен талаптары туралы Қазақтелеком    сайтынан білуге болады.