«Қазақтелеком» АҚ 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап телекоммуникация қызметтеріне тарифтерді төмендетпек

АЛМАТЫ. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазақтелеком» АҚ ауылдық жерлердегі жеке тұлғалар үшін телекоммуникация қызметтеріне қолжетімділік деңгейін көтеру мақсатында тарифтерді төмендету жөнінде іс-шаралар өткізуде, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.

«Қазақтелеком» АҚ 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап телекоммуникация қызметтеріне тарифтерді төмендетпек

Осылайша, лимитсіз негізде жергілікті және қалааралық телефон байланысы қызметтерін қамтитын «Сенің Қазақстаның» қызметтер пакеті бойынша ай сайынғы төлем 200 теңгеге төмендетіліп, ҚҚС қоса алғанда 1 290 теңгені құрайды. Лимитсіз негізде қалааралық телефон байланысы және сымсыз кең жолақты ғаламтор желісіне кіру қызметін қамтитын «Super EV-DO» қызметтер пакетінің ай сайынғы төлемі 20%-дан астам төмендетілді.

Сонымен қатар, лимитсіз негізде қалааралық телефон байланысы және Megaline/ iD Net қызметтерін қамтитын пакеттер бойынша қала және ауылдық жерлердің жеке тұлғалары үшін тарифтік жоспарлардың жаңа желісі енгізілген. Қолданыстағы тарифтер туралы нақты ақпаратпен www.telecom.kz сайтынан танысуға болады.